Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландықтар талмасы ұстап қалған ер адамды құтқарды

Нұр-Сұлтанда ұландықтар талмасы ұстап қалған ер адамды құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорданың Гете көшесінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзетіп жүрген әскери жасаққа бір балақай жүгіріп келіп, жанар-жағармай құю бекетінде ер адамның құлап жатқанын айтады.

Жасақ бастығы қатардағы Нұрбол Ілиясов қарамағындағы патрульдер Шыңғыс Дінислам мен Ноян Сатайды ертіп, дереу тұрғынға көмекке келеді.

Сарбаздар оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, есін жиюға көмектеседі. Жасақ жетекшісі науқастың денсаулығына алаңдап, жедел жәрдем шақырады да, олар келгенше оның халін бақылап отырады.

Ұландық жауынгерлер науқасты оқиға орнына келген медицина қызметкерлеріне табыстайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру