Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 42 жасар есірткі өткізуші ұсталды

Өскеменде полицейлер есірткі мен психотроптық заттарды өткізумен айналысқан ер адамды ұстады,- деп хабарлайды  Polisia.kz.

42 жастағы Өскемен қаласының тұрғынының гаражынан 10 пластикалық орама мен ерекше иісі бар өсімдік тектес зат табылды. “Тойота Матрикс” автокөлігінен тағы да осындай пакеттер анықталды.

Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат-салмағы 500 грамм кептірілген марихуана.

Сондай-ақ, автокөлікті тінту барысында күдіктіден тағы 4 пакет көк және жасыл түсті ұнтақ пен түйіршіктер алынды.

Сараптама анықтағандай, тәркіленген зелье – “а-пирровалеронфенон” психотроптық құралының сегіз дозасы, нашақорлар арасында “жылдамдық” деп танымал.

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол есірткіні сату үшін сақтаған. Қазіргі уақытта екі дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігі және 297-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру