Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

37 жылқыны пойыз басып кетті

Көкшетау станциясының темір жол бойында 37 жылқыны пойыз басып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 7 наурыз күні таңғы сағат 5-тер шамасында болған. Көкшетау станциясындағы Желілік полиция бөліміне ол туралы хабар сол кезде жетіпті. «ҚарағайУголки» жол аралығында жүк пойызының машинисі тежегішті барынша қолданып көргенімен, өз жылдамдығымен келе жатқан пойыз уақытында тоқтай алмаса керек.

Көлік полицейлері жылқылардың иесін тапты. Ол – Ақмола облысының 43 жастағы тұрғыны екен. Енді ол азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 559-бабы, 1-бөлігіне сәйкес, яғни, темiржол үшін арнайы бөлінген жолақта мал жаю қағидаларын сақтамағандықтан әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру