Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автобус жүргізушілері қандай ереже бұзады?

Маңғыстау облысында “Автобус” жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұнайлы ауданының патрульдік полициясы осының аясында 60-тан астам автобусты тоқтатып, тексерді.

Инспекторлар қоғамдық көліктердің техникалық регламентке қаншалықты жауап беретінін анықтап, жүргізушілердің жолдағы тәртібін бақылады.

 

Көбіне жүргізушілер жол үстінде телефон пайдалануға құмар екен. Бір күнде соған қатысты 50-ден астам хаттама толтырылды.

Сол сияқты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 591-бабының 1-бөлігі бойынша – 13, 590-баптың 9-бөлігі бойынша – 6. Жолаушылар мен багажды заңсыз тасымалдау бойынша – 3 дерек тіркеліп, көлік құралын жүргізу құқығы болмаған 4 жүргізуші ұсталды. Автобустары айып тұрағына қойылды.

Тағы бір жүргізушінің автобусты ішімдік ішіп басқарғаны белгілі болды. Көлік басқару құқығынан айырылған оның ісі енді әкімшілік сотта қаралады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру