Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Монша жанында марихуанамен қолға түсті

Сарыағаш ауданында полиция қызметкерлері қалтасына марихуана салып жүрген жергілікті тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Допинг» жедел-алдын алу шарасы кезінде полиция қызметкерлері монша жанында сезіктіні көріп, тексермек болады. Сөйтіп шалбарының қалтасынан өсімдік тектес затты тәркілейді.

Сот-криминалистикалық сараптамадан өткен зат кептірілген марихуана болып шықты. Салмағы бес грамнан асады.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тәртіп сақшылары Түркістан облысының тұрғындарына есірткіні сақтау және өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Полицейлер азаматтарға есірткіні тұтынудан бас тартуға, спортпен айналысуға және салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру