«Қауіпсіз мектеп» : балалардың тәртібі
Кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және жолын кесу үшін 2020 жылғы наурыздың 11-нен бастап 15-не дейінгі аралықта Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумағында «Қауіпсіз мектеп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұқар жырау ауданының Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлері жасөспірімдердің арасындағы қылмысты, оның ішінде топтық қылмысты (бұзақылық, тонау, ұрлық, бопсалау), кәмелетке толмағандардың алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды пайдалану фактілерін алдын-алу, жолын кесу, олардың түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерлерге және ойын-сауық мекемелеріне заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз бару фактілерін анықтау, кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталған заттарды алу барысында жұмыстар жүргізіп, мектептерде оқушылар үшін құқықтық тақырып бойынша әңгімелер, дәрістер және дөңгелек үстел өткізді. Түнгі дүкен сатушыларымен, кәмелетке толмағандарға алкогольді ішімдіктерді және темекi заттарын заңсыз сату, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың көңіл көтеру орындарында жүрмеуі туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.
-«Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде учаскелік инспекторлармен бірге жасөспірімдерге құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершілік туралы айттық. Жиі жасалатын заң бұзушылықтарға тоқталдық. Ата-аналардың бала тәрбиелеуде өз міндеттерін орындамауы және жасөспірімдердің түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерлерге және ойын-сауық мекемелеріне заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз бару фактілері бойынша жалпы 13 әкімшілік құқықбұзушылық және басқа да санаттар бойынша бес әкімшілік құқықбұзушылық анықтадық. Екі қолайсыз отбасы есепке алынды. Аталған іс-шараны өткізуге жергілікті атқарушы органдар, білім бөлімі, денсаулықты сақтау бөлімі, ата-аналар комитеті және үкіметтік емес ұйымдармен ат салысты, – деді Бұқар жырау ауданының ПБ ЖПҚБ ювеналдық полиция тобының аға инспекторы Виктория Канина.