Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі адамға оқ тиіп, біреуі қайтыс болды

Ақтөбе облысы Хромтау қаласында ер адам оқ жарақатынан ауруханада көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 наурыз күні сағат 03.10-да Хромтау аудандық орталық ауруханасына жергілікті екі тұрғын оқ жарақаттармен жеткізілді.

Олардың біреуі 40 жастағы ер адам оқ жарақатынан аудандық ауруханада көз жұмды, екіншісі  хирургия бөліміне жеткізілді.

Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, Хромтау қаласы Әліпов көшесіндегі белгісіз тұлға қаруды қолданып, жәбірленушіні өлтіру мақсатында оқ атқан.

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында полиция қызметкерлері Хромтау қаласының 24 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-тармағы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру