Тендер: миллионға алдаған алаяқтар
Ақтөбелік полицейлер 2019 жылы жасалған алаяқтыққа қатысты қылмысты әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Хромтау ауданының екі тұрғыны құрылыс саласындағы тендерді жеңуге көмектесем деген уәдемен 37 жастағы Ақтөбе қаласы азаматының сеніміне кіріп, оған тиесілі қомақты ақшаны жымқырған.
Шығын — 18 млн 200 мың теңгені құрады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тергеу амалдары басталды. Күдіктілерден ешқайда шықпау туралы қолхат алынды.
Сонымен қатар полиция қызметкерлерімен 2019 жылғы жасалған алаяқтық іс ашылды.
Қала тұрғыны медициналық қызмет көрсету тендерінде көмек көрсетем деген сылтаумен Ақтөбе қаласы ЖШС бірінің директорын алдап кеткен. 46 жастағы әйел алаяққа 760 мың теңгені берген.
Шығын 760 мың теңгені құрады.
Күдіктіні ұстау шаралары қабылданды.
Ақтөбе облысы ПД қала тұрғындарына сақ болуды, алаяқтардың арбауынан сақ болуды ескертеді.