Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Режим бұзған кәсіпкерлер саны азаяр емес

Қызылорда облысы бойынша төтенше жағдай кезінде 56 кәсіпкер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда ел өмірінде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы ерекше түрде жұмыс атқарып келеді.

Күнделікті жүргізілген түнгі рейд барысында, облыс бойынша 303 кафе-мейрамханалар тексеріліп, нәтижесінде 15 наурыздан бүгінгі күнге дейін 56 кафе иесі енгізілген төтенше жағдай режимін бұзып, түнгі уақытта жұмыстарын жалғастырған.  31 дерек облыс орталығында анықталса, Арал-2, Қазалы-9, Қармақшы-2, Жалағаш-1, Шиелі-3, Жаңақорған-5, Байқоңыр-3 дерек орын алды.

Жоғарыда көрсетілген мекемелердің әкімшілігіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабымен (төтенше жағдай режимін бұзу) әкімшілік хаттамалар толтырылып, 37 әкімшілік іс сотта онлайн-режимінде қаралып, оның 23-не 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынса, 14-і әкімшілік қамаққа алынды.

Облыс тұрғындарын шындыққа сай келмейтін мәліметтерді таратпауға және арандатушылыққа жол бермеуге ескерту жұмыстарының жүргізілгендігіне қарамастан, халық арасында алаңдатушылық туғызып отырған коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан алты адам анықталды.

Олар ұсталып, өз әрекеттерін толық мойындап, өкініп  отырғанын айтты.

Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4-бөлігімен (төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыс тұрғандарына: жалған ақпараттарды тарату фактілерін анықтау үшін күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіліп,арандатушыларды анықтау жұмыстары үнемі жүргізілетіндігін ескертеміз.

Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру