Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғымбаев: “Белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін кінәлілер жауапқа тартылады”

ІІМ төтенше жағдай кезінде күшейтілген қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.


28 наурыздан бастап елордада және Алматы қаласында карантиндік режим қатаңдатылды. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылды. Азаматтардың тұрғын үйден шығуы шектелді. Жаппай жиналатын орындар жабық – бұл саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аумақтары, ойын алаңдары. Көшелерде топтасуға, үш адамнан астам адамды жинауға, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ересектерсіз жүруіне тыйым салынған. Көлік қозғалысы шектеулі.

 

“Үш тәулік ішінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Енді белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар 25 мың теңгеге дейін айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады (ӘҚБтК 476-бабы “ТЖ режимін бұзу”)”, – деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жаяу және автомобиль патрульдер саны артты, бейнебақылау жүйелері іске қосылды. Азаматтар мен автокөліктерді олардың жүріп-тұру мақсаттарын тексеру жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар, мүлікті ұрлау және қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне жол бермеу бойынша алдын алу жұмыстары жандандырылды.
Ведомство басшысы атап өткендей, жүргізіліп жатқан жұмыс нәтиже берді – ТЖ режимінде әрекет ету кезеңінде жалпы ел бойынша қылмыс, статистикалық мәліметтерге сәйкес, 20%-дан астам төмендеді.


Анықтама ретінде: сондай-ақ Ақтау, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Абай, Саран, Шахтинск қалаларында жекелеген шектеу шаралары енгізілді.


Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай және ертеңнен бастап Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарына кіру жолдары жабылды.


Жалпы ел бойынша карантиндік аймақтардың периметрі бойынша режимді сақтауды қамтамасыз ету үшін 147 блок-бекеттер орнатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру