Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Коронавирус туралы жалған хабарлардың 45 авторы анықталды

Коронавирус туралы жалған хабарлардың 45 авторы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жекелеген азаматтардың көрінеу жалған ақпарат тарату фактілері орын алып жатыр. Жалған хабарламаларының авторлары нақты медициналық мекемелерді, елді мекендерді атап, вирус жұқтырғандардың, одан қайтыс болғандардың санын көрсетіп, шындыққа жанаспайтын жайттарды жазып, таратады.
Қазіргі уақытта ішкі істер органдары осындай 45 фактіні анықтады. Барлық кінәлі тұлғалар анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


Мысалы, 25 наурызда Көкшетау қаласында әлеуметтік желілерде Кореядан жұқтырғандарды Ақмола облысының ауруханаларына орналастырып жатыр деп жалған ақпарат таратқан адамдар анықталды.


29 наурызда Атырау облысында әлеуметтік желілерде инфекцияның таралуы туралы жалған ақпараттың 3 жарияланымы тіркелді. Кінәлілер жауапқа тартылып жатыр.

“Шын мәнінде жоқ және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты тарата отырып, бұл адамдар халық арасында үрей мен артық алаңдаушылық тудырады”, – деп атап өтті Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ-нің басшысы Ерлан Тұрғымбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру