Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Денсаулық қорғаудың алдыңғы қатарында полиция және әскери қызметшілер қызмет етеді

Дәрігерлермен бірге халықтың денсаулығын қорғаудың алдыңғы қатарында полиция және әскери қызметшілер де қызмет атқарып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде, алғашқы күннен бастап, тұрғындардың денсаулығын қорғау бойынша дәрігерлермен бірге, жеке уақытымен санаспастан, полицейлер мен әскери қызметшілер қызмет атқаратынын ерекше атап өтті.


Тікелей карантиндік аймақтарда жұқтыру ошақтарын оқшаулау жөніндегі арнайы іс-шаралар жүргізіледі. Қазіргі уақытта 31 нысан қоршалды – бұл тұрғын үйлер, жеке кіреберістер, жатақханалар. Денсаулық сақтау органдарының сұрауы бойынша полиция 3800 адамды іздестіріп жатыр.

«Біздің еліміздің тұрғындарына арнайы айтамын: Біздің әрқайсымыз бүгін жағдайдың маңыздылығын сезініп, саналылық және шыдамдылық танытуымыз керек. Енгізілген шектеулер – қажет. Ең алдымен, сіздің денсаулығыңызды қорғау және коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін керек. Қазір тәртіп пен сақтық шараларын сақтау өте маңызды»,- деп атап өтті Ішкі істер министрі.


Сондай-ақ, ол енгізілген шектеулерді сақтау және адамдардың денсаулығын қорғауға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған полиция қызметкерлерінің талаптарын мүлтіксіз орындау қажеттігін атап өтті.


Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде енгізілген шектеулер мен тыйым салуларға қарамастан, полицейлер әлі де заңнаманы бұзу фактілерін анықтап жатыр. Мысалы, елордаға және Алматы қаласына заңсыз кіруге әрекеттенгені үшін 33 тәртіп бұзушы жауапқа тартылды.


Олардың қатарында ақшалай сыйақы үшін азаматтарды блок-бекеттерді айналып өткізуге уәде еткендер де бар. Сондай-ақ санитарлық ережелердің бұзылуы туралы, атап айтқанда жұқтырғандардың емделуден және байланыста болған адамдар туралы мәліметтер беруден бас тарту жағдайлары туралы хабардар етеді. Осындай фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру