Пәтер ұрылары ұсталды
Қызылордалық полицейлер пәтер ұрыларын құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың басында облыс орталығында сағат 18:00 шамасында белгісіз адамдар Қызылорда қаласының тұрғынының үйіне пластик терезесіарқылы кіріп, компьютерлік техникалар мен қымбат тұратын зергерлік бұйымдарын ұрлап кеткен.
Жәбірленушіге келтірілген шығын 1 миллион870 мың теңгені құрады.
Тез арада жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Арал қаласының екі тұрғынықұрықталып, соңғылар кінәларын толығымен мойындады. Олар уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.
Күдіктілердің іс-әрекеттері ҚP Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен (iрi мөлшерде жасалған ұрлық) сараланып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.
Қызылорда қаласының №2 сотының 11.02.2020жылғы үкімі негізінде айыпталушыларға 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарын шектеутағайындалып, жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Сонымен қатар, сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.
Қазіргі таңда сот үкімі заңды күшіне енді.