Жалған ақпарат таратқан аудан тұрғыны анықталды
Ақтөбе облысында 7 сәуірге дейін төтенше жағдай режимі бойынша 178 тәртіп бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері волонтерлермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Бүгінгі күні төтенше жағдайлар режимін бұзудың 178 фактісі тіркелген, негізгі тәртіп бұзушылар дүкен иелері болып табылады, олар белгіленген мерзімнен кеш жұмыс істейді (22-00 сағат) және маскалық режимді сақтамайды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша 178 бұзушылықтардың 163-і (ТЖ режимін бұзу), оның ішінде 16 факті бойынша қамауға алынды, 69 жағдайда айыппұл салынды және 10 ескерту жасалды. 478-бап бойынша(төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 15 бұзушылық анықталды, 5 факті бойынша қамауға алынды және 10 факт айыппұл салынды.
Темір ауданының тұрғыны 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, ол WhatsАpp мессенджерінде таныс адамдардың арасында Темір ауданында блок-пост арқылы коронавирус инфекциясын жұқтырған адам өткендігі туралы ақпарат таратқан. Бұл ақпарат жалған болып табылады.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге және төтенше жағдай режимін бұзбауға шақырады.