Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түзеу мекемесінде онлайн ашық есік күні өтті

Шығыс Қазақстан облысында 79 жылда бірінші рет қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде онлайн ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Шығыс Қазақстан облысы бойынша ОВ-156/14 мекемесінің 79 жыл жылдық тарихы мекеме қабырғаларында сақтаулы тұр. Жыл сайын тоқсанына бір рет сотталғандардың туыстары үшін олардың ұсталу жағдайымен танысатындай ашық есік күндері өткізілетін. Еліміздегі індетке байланысты осы тоқсандағы ашық есік күні қашықтан қосылу арқылы онлайн түрде өтті.

«Сотталғандардың әлеуметтік пайдалы байланыстары және туыстарымен байланыстарын күшейту, олармен тәрбие жұмысын жүргізуге туыстарының қатысуы-бұл аталған іс-шараның негізгі мақсаты болып табылады», – дейді осы салада 22 жыл қызмет атқарған мекеме басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары А.А.Калелов.

Короновирустық инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында мекемеде ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер, сондай-ақ ашық есік күнін өткізу тоқтатылған. Мекеме басшысының бастауымен бүгін қашықтан қосылу арқылы Онлайн ашық есік күні өткізілді. Компьютерлік техниканың жүйеге қосылып, жұмыс жасауын мекеменің программисті Амангелді Нұрасыл қамтамасыз етті. Сотталғандар атаулы күнге апта бойы туыстарына жүйеге қосылу тәртібін түсіндіріп дайындық жасады.

Барлық компьютер жүйеге қосылған соң бөлмеде көптен күтілген кездесудің жылуға тола тілектестік сәулесі шашылғандай жайма шуақ жай орнады.

Қуаныштың көз тамшыларына сотталғандар да, туыстары да ерік берді. Барлығы да алған әсерлерін жасырмады. Қалай болғанда да сотталғандар өздерінің туыстарын елімізде болып жатқан індетке қарсы күрес уақытында сақ болып үйде қалуларын өтініп жатты.

«Мекеме әкімшілігі бізге өз туыстарымызбен шектеусіз уақытқа көрісіп, бүкіл жанұямызбен сөйлестіріп, үлкен бақыт сыйлап отыр. Барлық туыстар мен ата-аналар атынан үлкен алғысымды білдіре отырып, жеңіл емес жұмыстарына сәттілік тілеймін», – дейді 10 жылға сотталған Мағжанның анасы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру