Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Курсанттарға онлайн дәріс өткізілді

ҚР Ішкі істер министрлігі курсанттардың білім алу процесін on-line режимге көшірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сондай оқу орынның бірі – Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы. Бұл мекеме қарамағындағы курсанттарына on-line режимде қашықтан дәріс беретін мамандардан таңдау жасады.

Таңдау – Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Астана аудандық пробация қызметінің басшысына түсті. Майор Азат Төлегенов кәсіби даярлық факультетінің 3-курс курсанттарына «Пробация қызметінің полиция бөлімшелерімен қарым-қатынасын ұйымдастыру» тақырыбында онлайн дәрісін өткізді.

– Онлайн сабақта курсанттарға пробация қызметінің жергілікті полиция қызметкерлерімен арадағы практикалық жұмыс жүргізу тәсілі айтылды. Бұл тақырыпты ашу кезінде Батыс Қазақстан облысы ҚАЖД пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы, әділет майоры Л.К. Ахметкалиеваның сіңірген еңбегін айтпасқа болмайды. Елімізде курсанттар әр аймақта біліп алып жатқаны белгілі. Ішкі істер министрлігімен ұйымдастырылып жатқан қашықтан оқыту процесін жаңа форматта ұйымдастыруға мүмкіндік беріп жатқанына көз жеткіздік, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметінің басшысы Азат Төлегенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру