Сотқа жіберілген 147 іс онлайн қаралды
COVID-19 кезеңінде тергеу изоляторында 147 іс онлайн режимде өтті,- деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысының COVID-19 вирустық пандемиясының салдарынан республикада төтенше жағдай жариялануына байланысты, сондай-ақ пенитенциарлық мекемелерді ерекше жағдайға енгізу бойынша, қамаудағыларға қатысты сот процестері онлайн режимінде өтуде.
OВ-156/1 мекемесі ерекше жағдайға ауыстырылды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша ОВ-156/1 мекемесінде тергеу амалымен қамауға алынған адамдар, күдіктілер, айыпталушылар және сотталғандар бар.
Қазіргі жағдайға байланысты, COVID-19 вирусының пандемиясының таралуы мен инфекциясының алдын-алу мақсатында IT-технологияларды (бейнеконференциялар) қолдана отырып, қашықтықтан сот ісі жүргізілуде. ОВ-156/1 мекемесі мен Шығыс Қазақстан облыстық соты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Осы меморандум аясында Шығыс Қазақстан облыстық соты бейнеконференция арқылы сот процестерін өткізуге арналған екі компьютер берді. OВ-156/1 мекемесінде бүгінде 3 бейнеконференция бөлмесі орналасқан. Осы жұмыс COVID-19 вирус пандемиясының таралуы мен инфекциясының алдын алуға бағытталған.
«Бүгінгі таңда бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар бейнеконференция арқылы 147 сот ісін жүргізді. Олардың ішінде 21 тұлға босап шықты. Осы бағыттағы жұмыс ары қарай жалғасуда», – деді мекеме басшысы Қанат Жүсіпов.