Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Киік атқан қызылорда тұрғыны ұсталды

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Ақсай полиция бөлімінің кезекші бөліміне блок-бекеттерді айналып өткені жөнінде хабарлама түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

11 сәуір күні «Охотзоопром» ӨБРМ қазыналық кәсіпорнының инспекторынан рейдтік іс-шара барысында Досан ауылының тұсында екі автокөліктің қойылған блок-бекеттерді айналып өткені жөнінде хабарлама келіп түсті.

«Охотзоопромның» қызметкерлерін байқаған жүргізушілер олардан қашып құтыламыз деп, «Ланд Крузер ЛХ» маркалы автокөлігімен жақын маңдағы каналға аударылып қалған. Ал екінші күдікті автокөлік қашып үлгереді.

Оқиға орнына Қызылорда қаласының Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы барып, автокөлікті тексеру барысында мүйіздері кесілген 54 киік, 224 дана киіктің мүйізі, 1 ұңғылы МР-155 маркалы аңшы мылтығы, патрондар, пышақ және дүрбі табылды.
Көп ұзамай полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Күдікті 34 жастағы жұмыссыз облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
​Осы қылмысқа қатысы бар күдіктілер іздестірілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру