Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төтенше жағдай браконьерлерге кедергі емес

Атырауда төтенше жағдай кезінде қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері заңсыз бекіре балықтарын саудалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 190 кг болатын 63 дана бекіре балықтары тәркіленді. Ұсталғандар уақытша ұстау орнына қамауға алынды.


Осы деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339 –бабы (жануарлардың сирек кездесетін, пайдалануға тиым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру