Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полициядан қашқан жүргізуші

Петропавлда төтенше жағдай режимін бұзған жүргізуші полицейлерден жасырынуға тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 сәуір күні Назарбаев-Чкалов көшелерінің қиылысында полицияның автопатруль экипажы Audi-100 жүргізушісіне құжаттарды тексеру үшін тоқтауға белгі берді. Ол полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, аулаларда жасырынуға тырысты, бірақ аз уақыттан кейін ұсталды. Ер адамда карантин кезеңінде көлікпен жүру құқығын растайтын құжаттары болған жоқ. Ол дөрекі түрде, былапыт сөздер айтып, полиция бөліміне барудан бас тартты.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің екі бабы бойынша хаттамалар толтырылды: ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы (құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау).

17 сәуірде сот шешімімен ер адам екі бап бойынша кінәлі деп танылды. Билік өкіліне бағынбағаны үшін оған бір тәулік әкімшілік қамауда болуына, рұқсат құжаттарынсыз жүргені үшін айыппұл төлеуіне тура келеді.

«Жалпы, облыста карантин басталғаннан бері полиция қызметкерлері 232 адамды жауапкершілікке тартты», – деді СҚО ПД басшысының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев. – Бұзушылықтар негізінен себепсіз үйден шығу болып отыр. Алтауы карантиндік оқшаулау орнынан заңсыз шыққандар. Адамдардың бәрі қауіпті инфекцияны жеңу олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға арналған карантиндік шараларды қатаң сақтауға дайын екендігіне байланысты екенін біле бермейді».

Сот 110 бұзушыға айыппұл салды, 27 адам әкімшілік қамауға алынды. 94 азаматқа қатысты материалдар қаралып жатыр. Полицейлер солтүстікқазақстандықтарға заң талаптарын сақтау қажеттілігі жайлы тағы да ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру