709 адам тәртіп бұзып, 157 адам қамауға алынды
Ақтөбе облысында төтенше жағдай кезінде 709 адам тәртіп бұзғаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастыруда.
21 сәуірге Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 626 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) – 675 құқық бұзушылық, оның ішінде 157 адам қамауға алынды, 199 айыппұл салынды, 286 ескерту жасалды, 24 материал сотқа жіберілді.
ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 34 бұзушылық анықталды, оның ішінде 17 айыппұл салынды, 17 қамауға алынды.
Нокин даңғылы мен Шернияз көшесінің қиылысында полиция қызметкерлері 37 жастағы жүргізушінің басқаруындағы автокөлікті тотатқан, жұргізушіде қала ішінде жүруге рұқсат құжаттары болмаған. Жүргізушіге полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабының 6 тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды. Әкімшілік сотпен жүргізуші 10 АЕК (27.780 теңге) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір күнде 60 астам автокөлік айыппүл тұрағына жабылды.
Азаматтардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері орын алуда, мұндай бұзушылықтардың саны 31-ге жетті.Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Осы іс-шаралардың барлығы инфекцияны таратпаудың алдын алу мақсатында өткізіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке қорғану құралдарын (маскалар мен медициналық қолғаптар) киіп жүруді, аса қажетсіз далаға шықпауды сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.