Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шетел азаматтарына «жасыл дәліз» ұйымдастырды

Алматы облысының полицейлері тосқауыл бекеттегі шетел азаматтарына «жасыл дәліз» ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Бүгін, яғни 23 сәуір күні сағат 11.30 шамасында «Алматы-Өскемен» автожолының 466 шақырымында орналасқан № 4 тосқауыл бекетте құқық қорғау қызметкерлері жалдамалы автокөлікпен Шығыс Қазақстан облысынан Алматы қаласында орналасқан Өзбекстан Республикасының Бас консулдығына беттеген үш Өзбекстан азаматын ұстады.

Құжаттарды тексеру барысында олардың жұмысқа орналасуға берілген рұқсат мерзімінің 2020 жылдың 19 сәуірінде аяқталғаны анықталды. Ұсталғандар азаматтар ШҚО-да еңбек еткенін және ҚР-да енгізілген карантинге байланысты рұқсат мерзімін уақытында ұзарта алмағандарын айтып түсіндірген.
Аталған хабарламаны алған Алматы облысы Полиция департаментінің Жедел штабы колл-орталығының қызметкерлері Алматы қаласындағы ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің өкілдігі арқылы Өзбекстан Республикасының Бас консулдығымен байланысқан. Олар өз кезегінде ШҚО аумағына жұмыс істеуге кеткен Өзбекстан азаматтарының ауыр материалдық жағдайына байланысты жәрдем көрсету туралы Нота жіберген.
Полиция қызметкерлері қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, Өзбекстан азаматтарының Алматы қаласына еш кедергісіз жетуі үшін «жасыл дәліз» ұйымдастырды. Қиын жағдайға тап болған Өзбекстан азаматтары полицейлерге көрсетілген көмектері үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру