Біз біргеміз: Алматы полициясы музыкалық челленджге қатысты
Танымал ән челленджін Алматы полициясының қызметкерлері қолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төтенше және карантиндік режимде жұмыс кестесінің тығыз болғанына қарамастан, тәртіп сақшылары жұмыс процесіне зиян тигізбестен, шығармашылықта бірікті.
«Ең бастысы – қиын уақытта отандастарға қолдау көрсету және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Әнді таңдау да кездейсоқ емес: оның көмегімен біз патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырамыз. Біз біргеміз!», – деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары Абдуали Нашарбеков.
Полиция қызметкерлері бақылау-өткізу бекеттерінен, Жедел басқару орталығынан, қоршалған инфекция ошақтарынан, жаяу патрульдеу орындарынан және басқа жерлерден эфирге шықты.
Айиа кетейік, осы күндері бес мыңнан астам полиция қызметкері карантиндік іс-шараларға қатысады. Олардың көпшілігі жаяу патрульдерде, кедергілерде және жол тосқауылдарында қызмет етеді.