Психологтар көмекке келді
Қызылорда облысы Полиция департаментінің психологтары қызметкерлерге қолдау көрсетіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төтенше жағдай режимінде алдыңғы шепте жүрген қызметкерлерді психологиялық тұрғыдан қолдау мәселесі өзекті болып отыр.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметі стресстік факторлардың, әсер етуші факторлардың әсерімен сипатталады.
Қазіргі таңда күшейтілген режимде ішкі істер орган қызметкерлерінің атқарып жатқан жұмыстары қызметкерлерді стресске түсіруі әбден мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің психолог мамандары қолдау көрсетті.
Психолог мамандар жеке құрамды «Экстремалды және әр түрлі жағдайларда қызметкердің іс-әрекеті», «Қақтығыс жағдайлардың алдын алу және шешу жолдары» тақырыбында әдістемелермен қамтамасыз етіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қызметкерлермен жеке консультациялық жұмыстар жүргізіп, қолдау көрсетті.
Мәселен, бүгін «Майнд машина» құрылғысын пайдалана отырып, психологтар блок-бекеттердегі қызметкерлерді әр түрлі формадағы стресске қарсы тұра білу үшін терапиялық жұмыстар жүргізді.