Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көпбалалы сотталғанның отбасына көмек көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында мектеп ата-аналары пробация қызметімен бірлесіп көпбалалы сотталғанның отбасына көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласының мектеп ата-аналары мен орталық аудандық пробация қызметінің қызметкерлері бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмаған бес баласын тәрбиелеп отырған анаға көмек көрсетті. 

Жалпы күш-жігермен қажетті азық-түлік, яғни бірінші қажеттілік тауарлары мен қорғаныс құралдары сатып алынды.


Қазіргі карантин кезінде отбасы табыссыз қалып және барлық материалдық қиындықтарды кешуіне қарамастан Евгенияның отбасы мүшелері осыған мойынсынбай жүздері жарқын және өте қарапайым болып сабырлық танытып келеді. Отбасы екі бөлмелі үйде тұрады. Балалар бір буыннан екіншісіне берілетін киімдерді киіп, мұндай отбасы үшін әр тиын өте маңызды.


Семей қаласының мектеп ата-аналары «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясына қосыла отыра, өздерінің мүмкіндіктеріне байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен олардың анасына ынтымақ пен көңіл бөлді.

«Егер біз адамдардың өмірін сәл жеңілдеткен болсақ, онда біз өз мақсатымызға қол жеткіздік. Бізді үлкен қуанышпен қарсы алды. Біз оларға қарапайым азық-түлікті әкелгенде адамдардың қаншалықты риза және бақытты болуына таңданамыз. Бұл қандай да үлкен жеңіс деп айта алмаймыз, бірақ отбасы өте қуанышты болды»,-дейді ата – ана.


Күрделі жағдайға қарамастан, Семей қаласының орталық аудандық пробация қызметінің қызметкерлері қоғаммен бірлесіп мұқтаждарға көмектесіп келеді.

«Бұл дәстүрді алдағы уақытта да жалғастырамыз», – деді Семей қаласының орталық аудандық пробация қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру