Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қайырымдылық – қайырлы іс

Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ордабасы аудандық пробация қызметінің есебінде тіркеуде тұрған ер адам бас бостандығынан шектеу жазасына сотты болған әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі. Ол – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.

Осы орайда пробация қызметінің есебінде тұрған Шымкентбай есімді ер адам өзі секілді бас бостандығынан шектеу жазасына сотты болған материалдық көмекке мұқтаж екі отбасын қасиетті Рамазан айында азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Рамазан айы – көмек беру, қайырымдылық жасауға шақыратын ай. Елімізде жарияланған төтенше жағдай, карантин кезiнде бұл азамат пробация қызметіне келіп, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау жөнінде өтініш жасап, өзгелердің басына түскен қиындықтарын түсініп, азаматтық жауапкершілік танытқаны пробация қызметкерлерінің дұрыс жолда жұмыс жүргізіп жатқандығын көрсетеді, – дейді бөлім басшысы Өскенбай Ақтөреев.


Қайырымдылық жасасаң, қайы
рын өзің көресің демекші, Шымкентбай көмекке зәру шаңырақты шаттыққа бөлеп, үлкеннің батасын алып, алғысына бөленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру