Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

2 мыңға жуық адам карантин бұзды

Алматыда екі мыңға жуық адам карантинді бұзды, –  деп хабарлайды Polisia.kz.


Карантин енгізілгеннен бастап, сотпен төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 1 мың 965 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 577 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды, 1 мың 54 адамға айыппұл салынды, 334 адамға ескерту жасалды.

“Көрсетілген санның ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы 6 бөлімі – көшеде негізсіз жүргені үшін 1 мың 561 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 401-і қамауға алынды, 870 адамға айыппұл салынды, тағы 290 адамға ескерту жасалды. ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы 1 бөлімі – бақылау-өткізу пунктерін айналып өтіп, қаланың кіру тәртібін бұзғаны үшін 397 адам әкімшілік жауапкершіліккетартылды, олардың 169-ы қамауға алынды, 184-іне айыппұл салынды, 44 адамға ескерту берілді. Қалада орнатылған 41 тосқауыл бекеттерінде 54 мыңнан астам көлік тексерілді. Өткен тәулік ішінде 34 жүргізуші қала бойынша заңсыз жүргені үшін ұсталды, оның 30-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 4 жүргізушіге қатаң ескерту жасалды”, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру