Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы аналарға көмек көрсетті

Шығыс Қазақстан облысының ҚАЖ қызметкерлері “Ынтымақ күніне” арналған “Қайырымдылық сөресі” акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ОВ-156/2 мекемесінің қызметкерлері өз қаражаттарынан қасиетті айда “Қайырымдылық сөресі” атты қайырымдылық шарасын өткізді.

Төтенше жағдай кезінде қиындыққа тап болған көпбалалы аналарға азық-түлікпен қажетті заттар таратылды.

“Облысымызда карантин енгізілгеніне бір айға жуықтады, қиын жағдайда көп балалы отбасыларға көмек қолын созудан шет қала алмадық. Әрбір көпбалалы отбасын және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек қолын создық”, – дейді мекеме қызметкері Асхат Алханов.

“Қазір карантинге байланысты жұмыссызбын. Үйде бес бала тәрбиелеп отырмын. Жүректері жылы жандарға алғысым шексіз. Бұл азық түлік жанұяма өте қажет”, – деді бес баланың анасы Алия апай.

 

“Қамқорлыққа ризашылықтарын білдірген бүлдіршіндердің көздері жайнап, қуанып жүгіріп жүрді. Алдағы уақытта, осындай жанұяларға көбірек көмек көрсету жоспарда бар”, – деп қосты Асхат Алханов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру