Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төрт жасар бала ата-анасына табысталды

Қызылордада жоғалып кеткен төрт жасар бүлдіршін ата-анасына табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


30 сәуірде Қызылорда облысы Жаңақорған кентінде т0рт жастағы бүлдіршін үйінің есік алдында ойнап жүріп, белгісіз бағытқа шығып, адасып кеткен. Балаларының үйден шығып кеткендігі
жөнінде оның ата-аналары бейхабар болған.


Осы уақытта кент орталығында қызметтік міндетін атқарып жүрген Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Алмас Абдуллаев пен учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Ержан Айтжанов кент орталығындағы көше бойындағы бір қуыстан кішкентай баланың даусын естиді. Дереу сол жерге барған полицейлер қараңғы қуыста адасып кеткен бүлдіршінді көреді.


Сұрастыру барысында табылған бүлдіршін ештеңе айта алмаған соң, полиция бөлімінің жеке құрамын құлақтандыру барысында баланың үйін тауып, ата -анасына бүлдіршінді аман – есен табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру