Ұлы Отан соғысы және ІІО ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Ұлы Отан соғысы жеңісінің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында Жамбыл облысының Полиция департаментімен бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Мерекелік іс-шаралар Байзақ ауданынан басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыкемер ауылында ҰОС және ІІО қатысушыларының жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне және ішкі істер органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов пен ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы отставкадағы полиция полковнигі Тұрдалы Шералин ардагерлердің әрқайсысының үйіне барды. Қонақтар ҰОС және ІІО қатысушыларының жесірлері Забира Егембердиева мен Райбиби Рысбаеваны құттықтады, олардың ерлері Ниязбек Егембердиев пен Сауытбек Рысбаевқа қайтыс болғаннан кейін «Ұлы Жеңістің 75 жылдығына» медалі берілді.
Қонақтар тыл еңбеккері және ІІО ардагері Сейдімхан Тілеуқұловқа барып, «Ұлы Жеңістің 75 жылдығына» медалі мен атаулы сағаты табыс етілді. Жылы және достық әңгіме барысында қонақтар ардагердің денсаулығын сұрап, ұзақ ғұмыр тіледі.
Мерекелік медальдардан бөлек, ардагерлер мен ҰОС және ІІО жесірлеріне облыстық Полиция департаменті басшысының атынан Құрмет грамоталары беріліп, материалдық көмек көрсетілді.