Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ТЖ кезінде саяжайда демалыс ұйымдастырғандар анықталды

Қызылордалық полицейлер саяжай алқаптарында рейд жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 мамыр аралығында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері қала маңындағы саяжай учаскелеріне («Ягодка», «Пищевик», «Сабалақ», «Эдельвейс», «ПМК-29», «ПМК-66», «Прудхоз», «Талсуат») рейдтік тексерулер жүргізді. Аталған іс-шараға 76 қызметкер және 12 автопатруль жұмылдырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғылықты жері бойынша  ІІО-да есепте тұратындарды тексеру.

Жыл басынан аталған саяжайларда полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түрлі іс-шаралар өткізді. ІІО-да есепте тұратын тұлғалар тексеріліп, олармен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Жүргізілген тексеру барысында ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша (құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) жол қозғалысы ережесін бұзудың бір дерегі анықталып, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, рейд барысында карантин режиміне қарамастан, «ПМК-29» саяжайында жалға берілетін орындарда демалыс ұйымдастырған бір тұрғынға қатысты хаттама толтырылып, оның қасындағы сегіз адаммен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдау) бір тұрғынға  қатысты әкімшілік хаттама рәсімделіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) екі  дерек  тіркелді.

Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру