Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқандарды еске алды

Алматы облысы ТЖД басшылығы, ардагерлері мен қызметкерлері қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің үйлеріне барып, туған-туысқандары мен жақындарын қолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметтік борышын атқара отырып, қаза тапқан адамдардың отбасыларымен кездесу бұл көп жылдар бойы қалыптасып келе жатқан дәстүр ретінде шара. Жыл бойы Алматы облысы ТЖД қызметкерлері барлық мерекелерге және жеке күндерге сыйлықтар дайындап, қаза болғандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіп келеді.

Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында ТЖД басшылығы, ардагерлері мен қызметкерлері қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің үйлеріне барып, туған-туысқандары мен жақындарын қолдап, азық-түлік корзиналарын табыс етті, сондай-ақ
материалдық көмек көрсетті.

Алматы облысы ТЖД гарнизонының қызметкерлері өзінің қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан өз әріптестерінің ешқашан ұмытпайды.

Панфилов ауданы Жаркент қаласы №33 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері өртке қарсы қызмет старшинасы Айсажан Қожамбердиев, 2015 жылғы 31 тамызда тұрғын үйдегі өртті сөндіру барысында өрт сөндіру сорғысының жұмысын қамтамасыз ете отырып, жанып жатқан үйге кіре берісте құлап кеткен жоғары вольтты желінің сымдарын байқап, үйдің ішінде жұмыс істеген әріптестерінің өміріне қауіп төнгенін сезіне отырып, сымдарды жоюға әрекет жасап, электр тоғымен өлімге ұшыраған.

Райымбек ауданы Нарынқол ауылындағы №12 өрт сөндіру бөлімінің өрт
сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері, өртке қарсы қызмет старшинасы Ғалым Стамбеков, 2015 жылғы 29 қарашада өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша нормативтерді тапсыру кезінде оқу мұнарасының төртінші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу барысында қайтыс болды.

Ішкі қызмет сержанты Александр Клименчук, Қарасай ауданы Қаскелең қаласы 1-ӨСБ аға өрт сөндірушісі, ол 2007 жылдың 11 тамызында жақын маңдағы шаруа қожалықтарының құрылыстарына және дәнді дақылдардың түсіміне таралу қаупі бар дала өртін сөндіру кезінде, желдің қатты екпіні салдарынан бағытын өзгерткен от фронтына түсіп, қайғылы қаза болды.

Олардың ерліктері жас қызметкерлерге патриоттық тәрбие беру үшін жарқын үлгі болып табылады. Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің аты-жөні бүгін күзетте тұрған адамдардың жадында мәңгі қалады. Қаза тапқан қызметкерлердің аналарына, жесірлеріне, балаларына – тағзым!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру