Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құтқарушылар ардагерді құттықтады

Ұлы Жеңіс күніне орай Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Ұлы Отан соғыс ардагері, жамбылдық мерген – Қасен Шанбаевты құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол ІІ дәрежелі орденімен, Қызыл ту орденімен, Жуковтың медалімен, «Ұлы Отан соғыс ардагері» белгісі бар, Ұлы Отан соғысының жеңіс күніне арналған мерекелік медалімен марапатталған.

Ақсақал бір айдың ішінде мергендік ісін үйреніп, мерген атанып соғысқа кеткен. Соғыс туралы әңгімелерін, 1942 жылы Подмосковьедағы 16 әскер құрамында фишистермен шайқасына,
Калинин, Ржев қалаларындағы әскери әрекеттерінде қатысқанынын әрдайым еске алып отырады. Қасен ата аты аңызға айналған Александр Матросовпен бір дивизияда әскери қызмет еткен. 1945 жылы Балтий теңізінде соғысты аяқтап, 1947 жылы 12 мамыр айында елге аман-есен оралды.

Қазіргі таңда Қасен Шанбаев абыройлы және беделді атаққа ие. Үш қыз және үш ұлды тәрбиелеп өсірді. 16 немересі мен 34 шөбересі бар. Қазіргі ұрпақ оның патриоттықа толы рухының күштілігіне, жақсылыққа сену мен өмірге деген қуана білуіне қызыға қарайды.

Бізге бейбіт аспан мен тынышық сыйлаған ардагерлерге тағзым етеміз, шексіз батырлық пен ерліктің үлгілері болған қарулы күштерінің жауынгерлері мен ардагерлеріне құретпен бас иеміз.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру