Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өрт сөндіру қызметінің музейіне ардагердің портреті ілінді

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде де Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің отбасын құттықтау салтанаты өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметтік борышын атқару кезінде қаза болғандардың отбасыларымен кездесу Қостанай облысының өртке қарсы қызметінде дәстүрге айналды. Өртке қарсы қызмет қызметкерлері олардың туыстары мен жақындарын ешқашан ұмытпайды. Мереке қарсаңында Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері және ардагерлер кеңесінің төрағасы Александр Мельников келе жатқан 9 мамыр меркесімен ішкі қызмет подполковнигі ардагер Төлеміс Абултаевтың жесірі Орынтай Абултаеваны құттықтады. 1-МӨСБ-де орналасқан өрт сөндіру қызметінің мұражайында Төлеміс Абултаев туралы естелікке оның портретін іліп қойды. Жұбайы үшін бұл күтпеген жағдай болды.

Төлеміс Абултаев 1923 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылында дүниеге келген. 19 жасында Қызыл Армия қатарына шақырылды. Кейін Түркістан пулемет мектебінде оқыды. 1944-
1945 жылдары 2-Балтық майданының 288-атқыштар дивизиясының 1016-атқыштар полкінің взвод командирі болды. Батылдық, ерлік және Отанды қорғағаны үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1942 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Өмірінің 34 жылын ішкі істер органдарына арнады және ол
Қостанай облысы Ішкі істер департаменті өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өртке қарсы бақылау бөлімінің басшысы қызметінен босатылды.

 

Орынтай Абултаева – 54 жыл жұмыс өтілі бар оқытушы. Педагог, философ, сондай-ақ кітап пен 30 басылымның авторы. Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан әріптестерін ешқашан ұмытпайды.

Құрметті ардагерлер, осы қанды соғыстағы жеңіс үшін, біздің Отанымыздың бейбітшілік пен бостандығына, тыныш және бақытты күндер үшін сіздерге тағзым және жарқын естелік!
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру