Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арқалық полицейлері жолда көлігі сынып қалған жүргізушіге көмектесті

Арқалық полицейлері жолда көлігі сынып қалған жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арқалық қаласының тұрғыны Меруерт Жақсылықованың айтуынша, 16 желтоқсан күні олар отбасымен бірге Амангелді ауданынан келе жатқан. Шамамен сағат 21:30 шамасында жол бойында автокөліктері бұзылып қалады. Көлікті өз күштерімен жөндеу мүмкін болмағандықтан, олар полицейлер көмектескенге дейін жолда 40 минуттай тұрып қалған.

Арқалық қаласының Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік инспекторлары Сырым Түнтер мен Нұрлыбек Қарин патрульдеу кезінде қаладан 5 шақырымдай жерде көлік құралының жарығы бір жанып, бір сөніп тұрғанын ​ байқайды. Олар не болғанын білмек болып, көліктің қасына келгенде, салонда жүргізуші мен екі жолаушы болғаны белгілі болды.

Полиция қызметкерлері машинаны қызметтік көлікпен сүйреп, үйге дейін апаруға көмектескен.

– Арқалық қаласының ПБ учаскелік инспекторлары Сырым Түнтер мен Нұрлыбек Каринге біздің жағдайымызға бей-жай қарамай, көмек көрсеткендері үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Қызметтеріне сәттілік тілейміз. Біздің полицияда осындай адамдардың қызмет етіп жатқаны қуантады, – деп Меруерт Жақсылықова полицейлерге алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру