Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері көлік жүргізу құқығынан айырылған екі мас жүргізушіні ұстады

Ақмола полицейлері көлік жүргізу құқығынан айырылған екі мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 желтоқсанда шамамен сағат 23:00-де Көкшетау қаласында патрульдеу барысында “Әскер 4” автопатруль экипажы Бекзат Жұмаенов пен Айбек Сабиров Тәшенов-Абай көшелерінің қиылысында облыс орталығының 26 жастағы тұрғыны жүргізген Меrcedes-Bеnz автокөлігін тоқтатты. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізуші “жеңіл дәрежедегі” алкогольдік масаң күйде болған.

Тексеру барысында бұл азаматтың 2020 жылғы наурызда көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылғаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дәл сол күні Есіл ауданында да осындай жағдай орын алды. 17 желтоқсан күні сағат 15:43-те Есіл қаласында қызмет атқару барысында Дулат Абдрахманов пен Виталий Забутский дәмханалардың бірінің жанында Знаменка ауылының 26 жастағы тұрғынының басқаруымен ВАЗ-21099 автокөлігін тоқтатты. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізуші “орташа дәрежеде” мас күйінде болған.

Деректер базасы бойынша тексеру барысында аталған азамат 2021 жылдың мамыр айында 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру