Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда бір күнде екі қылмыс жасаған бұзақылар ұсталды

Теміртауда бір күнде екі қылмыс жасаған бұзақылар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 желтоқсан күні Теміртау қалалық ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 24 жастағы қала тұрғыны арызданған. Белгісіз біреу көпқабатты үйдің ауласында тұрған көліктің әйнегін сындырып, радиостанцияны ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 79 мың теңгені құрады.

Оқиға орнына келген Теміртау қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдікті үш адамды – 17 жастағы жасөспірім, 27 жастағы ер адам және 23 жастағы қызды ұстады.

Ұсталғандар қылмысын мойындап, айғақты зат тәркіленді. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілердің сол күні жақын маңдағы аулада тұрған көлікке зақым келтіргенін анықтады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 193-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру