Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сегіз қырлы бір сырлы ҚАЖ қызметкері

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Polisia.kz редакциясы Отан қорғаушы азаматтарды, ел үшін қызметте жүрген халық қорғаушыларын назардан тыс қалдырмайды.

Бүгінгі кейіпкеріміз – Шығыс Қазақстан облысының ҚАЖ қызметкері, әділет майоры Дастан Исабеков.

Мектепте Дастан Исабеков жалынды балалардың бірі болды. Барлық жарыстарға қатысты, барлық іс-шараларға қатыса отыра сынып жетекшінің сүйікті оқушысы болуды жалғастырды. Екі бала тәрбиеленген отбасында ол анасының кіші және сүйікті ұлы болды. Қазір Дастан жеткен жетістіктерге, ұлын кішкентай жастан бастап жаттықтырған әкенің арқасында қол жеткізді. Ол осы күнге дейін оның кумирі болып келген Жақсылық Үшкемпіровтың өнерін өзінің әкесімен бірге тамашалауды жақсы көрген.

-Менің өмірімде спорт жоқ кезең болған емес. Дегенмен, мен үшін қызмет бірінші орында. Мен әрқашан офицер болуды армандайтынмын, Отанға қызмет етіп, қоғамдағы тәртіпті қорғауда жүремін, – дейді Дастан.


1-8-сыныпқа дейін Дастан дзюдодан Қазақстанның түрлі қалаларында көптеген облыстық, республикалық турнирлерге қатысып, жүлделі 2 және 3 орындарға ие болды, ал 2003 жылы Алматы қаласында өткен республикалық турнирде еркін күрестен чемпион атанды. Бұл спорт түрімен ұзақ және сүйіп айналысатынын көрсеткен «СШҮ» арнайы спорттық разрядын 2005 жылы дзюдодан алды, және бірқатар еңбегі бар.


2005 жылы Дастан Семей қаласының № 8 орта мектебін бітіріп, ҚР ӘМ ҚАЖ комитетінің Павлодар заң колледжіне түседі. Колледждегі оқудан басқа, ол Павлодар облысындағы барлық жарыстарға, соның ішінде самбодан чемпион атағын алған Павлодар қаласының ЖОО студенттері арасындағы турнирге қатысқан.


Колледжді бітіргеннен кейін 2009 жылы Болашақ кадр маманы әділет лейтенанты өз қызметін ҚАЖ УОВ-156/3-де сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бойынша жасақ басшысы лауазымында бастайды. Қылмыстық-атқару жүйесінде қоян-қолтық күрес спорт ретінде өте танымал. Дәл осы жерде Дастан спорт тәлімгерлері А. Т. Қайырбеков пен Р. Х. Атабаевпен танысады.


Қазір Дастан турнирлерде, спортакиадаларда білікті төреші болып шығады, өйткені 2011 жылы алған «қоян-қолтық ұрыс бойынша нұсқаушы» сертификаты бар.

-Мен өте бақытты адаммын. Менің арманым мен майор атағында офицер болдым, мен чемпионмын, Мен судьямын, ең бастысы мен өзімнің кумирім Жақсылық Үшкемпіровпен кездесіп, классикалық стильдегі шайқастардың барлық құпиялары туралы онымен бірге өстім, – дейді Дастан.

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. Дархан :

    Мыкты адал жыгыт! Биыктен корыней бер брат!

Жауап қалдыру