Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе блок-бекетінде полицейге аға лейтенант атағы табысталды

6 мамыр күні төтенше жағдай кезінде Ақтөбе қаласынан Алға ауданына шығар жолдағы №4 блок-бекетінде 35 жастағы ақтөбелік қызметкер Аманғали Жолмуратов полиция аға лейтенанты атағы берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 наурыздан бастап, Аманғали өз әріптестерімен блок-бекетке күндізгі және түнгі ауысымдағы кезекшілікке шыққан. Қазіргі елдегі ахуалға байланысты үйлеріне қайтпай, жақындарынан жырақта жүрген полиция қызметкерлері өз борышын адал атқарып келеді. Блок-бекетте кезекшілікте тұрған полиция қызметкерлеріне төрт мезгіл тамақтандыру мен демалу орындары қарастырылған.

Аманғали Әйтеке би ауданының тумасы, Ішкі істер органдарында 14 жыл бойы адал қызмет атқарып келеді.

“Елге адал қызмет ету және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз” деген ол, полиция қызметкері болу – бала арманы болғанын да қоса кетті. Отбасылы, екі баласы бар.

Жақында оған полиция аға лейтенанты атағы беру туралы бұйрық шыққан болатын. Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының №3 полиция бөлімінің басшысы Есбол Ешмуханов блок-бекетке келіп, Аманғалиге мансабында одан әрі жоғарылауын және табысты болуын тілеп, арнайы атақты табыс етті. А.Жолмуратовтың әріптестері де қолдау көрсетуге келіп, арнайы торттарын сыйға тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру