Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ қызметкерінің атасы ҰОС ардагері

Қызылорда облысында ҚАЖ қызметкері атасы Ұлы Отан соғысының ардагерінің ұлы жолын жалғағын мақтан тұтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде бақылаушы болып жұмыс жасайтын әділет кіші сержанты Нүркен Несіпбаев өзінің азаматтық тұлғасын қалыптастыруда Ұлы Отан соғысының ардаргері нағашы атасының ерлігін мақтан тұтады.

Нағашы атасы Дүрұлы Абдулла Ұлы Отан соғысы жылдары санчасқа жаралыларды тасыпты. Манчужирия шекарасында күзетте болып, елге 1949 жылы оралған.

-Атам оқ пен оттың ортасында жүріп, талай боздақтардың Отан үшін көрсеткен ерлігін, өрлігін  дастан етіп айтып отыратын. Кейде ол кісі, бүгінгі жастар тоқшылықтың қадірін, бейбіт күн оңайлықпен келмегендігін жете түсіне бермейді. Ер азаматтың басты парызы Отанын қорғау дейтін. Осындай тәлімді әңгімелерді тыңдап өскен ер ер ретінде ең алдымен, елге қызмет ету керектігі менің санамда берік қалыптасқан, – дейді Н.Несіпбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру