Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жеңіс эмоциясын жеткізу мүмкін емес…»

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментiнiң басшысы Рустан Ахметжанов Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен тыл еңбеккерлеріне барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖД басшысы ардагерлермен кездесiп, құттықтап, оларға зор денсаулық, қуаныш пен бақыт тiлеп, азық-түлiк пен техниканы сыйға тартты.

Иван Клименко майданға 1943 жылы шақырылды. Сол уақыттан бастап Ұлы Отан соғысы жолдарында көптеген қиындықтар мен қауіптерге тап болды.

«Көптен күткен Жеңіс туралы хабарланғаннан кейін жанымызда пайда болған барлық эмоцияларды айтып жеткізу мүмкін емес», – дейді ардагер.

Иван Трофимовичтің көптеген марапаттары мен ордендері бар. Жеңіс солдаты үшін жасы кедергі емес: ол ардагерлер ұйымдарымен тығыз байланыста, барлық оқиғалардан үнемі хабардар болу үшін газет оқығанды ұнатады.

– Майданға алғаш рет кiрген кезде қорқыныш пен үрей болды. Адамдардың айқайлары, жарылыстар — мен бұл нағыз тозақ деп ойладым. Бiрақ кейiн үйреншiктi болып кеттi, — дейдi ардагер.

«Өткенiн бiлмейтiн халықтың болашағы жоқ. 9 мамыр мерекесi — жас ұрпаққа бейбiт аспанның басымызға қандай баға бергенiн ұмытпауға, сондай-ақ туған жерге деген сүйiспеншiлiк пен патриоттық сезiмдi тәрбиелеуге көмектеседi», — деп атап өттi СҚО бойынша ҚАЖД басшысы Рустан Ахметжанов.

Майданға 1 млн. 200 адамнан 1 млн. 400 мың адамға дейiн аттанған. 600 мыңға жуық Отандасымыз соғыстан оралмады. Олардың 125 мыңнан астамы хабар-ошарсыз кеткендер. Әскери деректерге көз жүгiртсек, Ұлы Отан Соғысында 126 мыңға жуық қазақ жауынгерi қаза тапқан. Бұл, қызыл армияның жалпы әскери шығынының 2 пайызын құрайды екен.

Бүгiнгi таңда, Солтүстiк аймақта тұратын 36 Ұлы Отан соғысының ардагерi және 3500-ге жуық тыл еңбеккерлерi бар.

Бүгінгі өміріміз үшiн рахмет. Бiздi бүгiн қоршаған бүкiл әлем – бұл сiздердiң арқаларыңыз!, — деп Рустан Ахметжанов алғысын бiлдiрдi.

Жеңiс жауынгерлерi СҚО бойынша ҚАЖ департаментi қызметкерлерiнiң көңiлдерi мен қолдаулары үшiн жылы алғыстарын бiлдiрдi.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру