Құтқарушылар ардагердің отбасын құттықтады
Қостанай облысы ТЖД басшысы Т. Кәкімов және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Мельников Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында ардагерді үйінде құттықтау үшін Қарабалық ауданына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанайлықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында Жеңіске өз үлестерін қосты. Олардың халықты құтқару кезіндегі ерліктері мен батырлықтары әрдайым есте қалады.
Бүгін Қостанай облысы ТЖД ардагерлер ұйымының тізімінде екі тыл еңбеккері және үш Ұлы Отан соғысына қатысушыларының отбасы бар.
1941-1945 жылдардағы соғыс батырларының арасында-Сәлімгерей Ибраев, 1925 жылы туған, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бөрлі ауылының тумасы бар. 1943 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылды. 1943 жылдың маусымынан бастап 453 қосалқы атқыштар полкінің автоматшысы болды. 1945 жылдың наурызынан-зениттік-пулемет ротасының бөлімше командирінің орынбасары атанды. 1945-1950 жылдары Украин майданының 66909 әскери бөлімінің зениттік-пулемет ротасының бөлімше командирі лауазымында.
1951-1983 жылдары С. Ибраев ішкі істер органдарында қызметін жалғастырды. Қостанай облысы ІІБ Қарабалық АІІБ мемлекеттік өрт қадағалау бөлімшесінің бастығы қызметінен ішкі қызмет майоры атағымен зейнеткерлікке шықты. ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Праганы азат еткені үшін» медальдарымен марапатталған. Осы мамыр айында тыл еңбеккерлеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлеріне «Жеңістің 75 жылдығы» мерейтойлық медальдарын табыс етті.
Марапатталғандардың қатарында – Салиха Ибраева, 1941-1945 жылдардағы соғысқа қатысушы ардагер Сәлімгерей Ыбыраевтың жесірі бар.
Қостанай облысы ТЖД басшысы Т. Кәкімов және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Мельников Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында ардагерді үйінде құттықтау үшін Қарабалық ауданына барды. Департамент басшылығы мен Қарабалық ТЖБ қызметкерлері оған зор денсаулық және амандық тіледі, гүлдер табыс етті және материалдық қолдау көрсетті.
Биыл Салиха апай өзінің 90 жылдығын атап өтті. Күйеуімен бірге олар жеті бала тәрбиелеп отыр. Олардың бірі, ұлы Ерік, әкесінің ізімен жүрді. 1999-2009 жылдары Қарабалық ауданы ТЖ бөлімінің аға анықтаушысы болып қызмет етті.
Салиха Ибраева көрсеткен жылы лебіздері мен көңілдері үшін алғысын білдіріп, ТЖД қызметкерлеріне батасын берді.