Ұлы Отан соғысының ардагері биыл 98 жасқа толды
ШҚО бойынша ҚАЖД Аягөз аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері мереке қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері биыл 98 жасқа толған Қабден Смағұловты құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
55 жасында жарынан айырылып, сегіз баланы жалғыз тәрбиелеген аты аңызға айналған ақсақал бүгінде Аягөз қаласында тұрады.
Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысып, жарақат алып, Жеңіс күнін Прага қаласында тойлаған ақсақалдың денсаулығы әлі де сыр бермеген. Осының бәрі «спорттың арқасы» – дейді Қабден ата.
«Республикамыздың дүние жүзінің алдыңғы қатарындағы мемлекеттердің бірі болып, ең бастысы-елімізде бейбітшілік пен ынтымақтың өріс алып, халықымыздың бейбіт өмір сүруі осы қарияларымыздың арқасы»,- дейді пробация қызметінің басшысы Ермек Калиев.
Жыл өткен сайын Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагеріміздің қатары да сиреп барады. Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Тәуелсіз еліміз өркендеп өсе берсін!