Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда полицейлер балаларға мереке ұйымдастырды

Отан қорғаушылар күнін және Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында Маңғыстау облысының Полиция департаментi​ мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиеленетін арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Департамент басшылығының бастамасымен ерекше балаларға арналған​ шағын мерекелік шара ұйымдастырылды.


Балалар қонақтарға арнап әндер шырқап, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Олар сонымен қатар полиция қызметкерлерімен бірігіп “Жеңіс күні” әнін шырқады.

Тәрбиешілер “Көңілді старт” спорттық іс-шарасын ұйымдастырып, тәрбиеленуші балалар мен полиция қызметкерлерінен құралған​ екі команда өзара жарысқа түсті. Бұл тартыс ойынға балалар да, ересектер де белсенді қатысып, нәтижесінде​ достық жеңіске жетті.


Полицейлер балалармен әңгімелесіп, оларды мерекемен құттықтады, балаларға базарлық ретінде​ велосипедтер, ойыншықтар​ сияқты түрлі сыйлықтармен қуантты.


​Маңғыстауда полицейлер үшін мереке қарсаңында балалар үйінің, әлеуметтік орталықтардың қамқорлығына алынған балаларына бару​ дәстүрге айналған. Бірнеше жыл бойы балалар мен полиция қызметкерлері достық қарым-қатынасты дамытып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру