Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да офицерлер мен сержанттар Полиция департаментінің наградаларымен марапатталды

Отан қорғаушы күнінде Петропавл гарнизоны полициясының кешенді күштерінің жеке құрамы мерекелік сап түзеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметке шығар алдында бірқатар офицерлер мен сержанттар Полиция департаментінің наградаларымен марапатталды. Салтанатты сәтте алты полиция қызметкеріне кезекті атақпен погондар табыс етілді. СҚО ПД басшысының орынбасары Қапез Дәулетбаев наградаларды табыстай отыра, өз қызметтік борышын атқаруға жауапкершілікпен қарау – халықтың қауіпсіздігінің кепілі екендігін атап өтті. Басшылық атынан жеке құрамға адал қызметтері үшін алғыс айтып, алдағы уақытта құқық қорғау қызметкерлерінің мінсіз қызмет атқаруына сенім білдірді.


Салтанатты сап түзеудегі мерекелік айрықша сәт ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанттарына грамоталар мен алғыс хаттарды табыс ету болды. Мінсіз қызметі, қызметтік жұмысындағы жоғары нәтижерлері, жеке тәртібі, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге маңызды үлес қосқаны үшін оқу орнының сержанттар мен қатардағы құрамы марапатталды.

Мерекелік бұйрықта 6637 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің есімдері де аталды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны үшін Петропавл қ. ПБ басшысы Жандос Мұқатов офицерлер мен сержанттарға алғыс жариялады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру