Түркістан облысының ПД ардагерлер кеңесінің төрағасы ардагер әкесі туралы естеліктермен бөлісті
Түркістан облысының ПД ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев 9 мамыр-Жеңіс күні жақындаған сайын ҰОС-на қатысқан əкесі Жанқожаұлы Балақожаның суретіне қарап, еске алады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нақтырақ айтсақ, Балақожа Жанқожаұлы Калининград (Кеннисберг) қаласын азат етуде ауыр жарақат алып, елге қайтқан. Соның салдарынан ақ көйлегінің арқасы үнемі қызыл қан болып жүреді екен. Ақыр соңында сұм соғыстан алған жарақаты бала Оспанғазының әкесін өздерінен алыстатып, о дүниелік етті. Міне, елге деген, Отанға деген патриоттық сезімнің нәтижесі. Өміріне қауіп төнсе де, біздің ата-әкелеріміз қайтпас қайсарлықтарымен, Жеңіс күнін жақындатуға барын салған.
Содан анасы – Бибісара жұбайының отын сөндірместен, артында қалған төрт ұл мен қызды өсіріп-жетілдіріп, осы күнге жеткізген. Бүгінгі күні аяулы анасы да, батыр әкесі де өмірден өткен Оспанғазы Жанқожаевтың өзі орта жастан асып, әке үмітін жалғаған, үлкен азамат қатарында. Ішкі істер саласында абыройлы қызмет етіп, құрметті еңбек демалысына шыққан полицей.
Ол өз сөзінде: «Соғыс деген ешқашан болмасын! Тойланатын мерекелерімізбен, жақсылық тойларымыз көп болсын! Анамның, Əкемнің топырақтары торқа, жатқан жерлері жайлы болсын!, – деп балалық сағынышын, әкелік тілегін жеткізді.