ІІО ардагері 100 жасқа толды
Солтүстік Қазақстан облысында майдангер және ІІО ардагері Никита Семенов 10 мамыр 100 жасқа толды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай солтүстікқазақстандық полицейлер ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне аса қамқорлықпен ерекше құрмет көрсетті.
8 мамыр облыстық Полиция департаментінің басшылығы соғыстан кейінгі жылдары СҚО ІІО қызмет атқарған, көзі тірі үш майдангердің екеуін:Григорий Красильников пен Иван Шиппті құттықтады.
Үшінші ардагер – Никита Семеновтің үйіне полицейлер 10 мамыр барды. 10 мамыр майдангердің туған күні – 100 жасқа толды.
Советская, 63 мекенжайындағы аула ортасына салтанатты нысанды киімдегі полицейлермен, гүлдеп тұрған сирень және алма ағашы бұталарының фонында сахна қойылды.
Сағат тілі 11-ге жеткенде құрметті ардагер Никита Семеновке құрмет көрсету басталып кетті. Есік алдында ақсақалды СҚО Полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев құттықтады. Барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра, облыстың бас полицейі қуаныш иесіне құттықтау хат, гүл шоғы мен сыйлық табыстады.
Никита Герасимович 1940 жылы Свердловск қаласынан әскерге шақырылған. ІІХК полкі құрамында Москваны қорғауға қатысып, Батыс Украинада, Беларусияда соғысқан. Соғыс жылдары снайпер болған. 1945 жылдың 9 мамырын Эстонияда қарсы алды. “Ерлігі үшін”, “Москваны қорғағаны үшін” және тағы басқа көптеген медальдармен наградталды. Қырқыншы жылдардың соңында, кейін Отанына айналған, Қазақстанға қоныс аударған. Целиноград облысындағы Астраханский аудандық милиция бөліміне қызметке түседі. Паспорт бөлімінің бастығы болады. Ішкі істер органдарында 20 жылдан астам уақыт қызмет атқарды. Құрметті демалысқа капитан шенінде шықты.
100 жылдық мерейтойға орай Полиция департаментінің үрлемелі оркестрі мен Мәдени орталығының вокалдық тобы әзірлеген мерекелік концерт полицейлердің тосын сыйы болды.
Погонды әртістер соғыс жылдарындағы және соғыстан кейінгі жылдардағы классикалық әндерді шырқады. Полицейлермен қатар “Солтүстік Қазақстан облысының іскер әйелдері” ҚҰ атынан өнер көрсеткен қаламыздың шығармашылық ұйымдарының әртістері де нон-стоп режимінде құттықтау арнады. Ашық аспан аясындағы жарқын концерттік бағдарлама мерейтой иесінің туыстарын ғана емес, ауладағы кіші мен үлкеннің көңілінен шығып, барлығын қуанышқа бөледі. Әсіресе концерттің соңы әсерлі болды, аңызға айналған “Прощание Славянки” маршына полицейлер сап түзеп, ізет көрсетіп ардагерді үйіне дейін шығарып салды.
СҚО-да қырықыншы жылдары Ұлы Отан соғысы даласында ұрысқа түскен 177 майдангер бейбіт заманда құқықтық тәртіпті сақтауға қатысты.