Электр самокаттарды пайдалану ережелері түсіндірілді
Полицейлер петропавлдықтарға электр самокаттарды пайдалану ережелерін еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Электр самокаттар – Солтүстік Қазақстан облысының жолдарындағы көліктің «ең жас» түрі, жол қозғалысына қатысушылардың көпшілігі оларды жол бойында көруге әлі үйренісе алмай жүр. СҚО ПД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Петропавл қаласының көшелерінде жинақы көлік иелеріне жол ережелерін қатаң сақтау керектігі туралы тағы ескерту үшін профилактикалық рейд өткізді.
«Рейдтің мақсаты алдын-алу және халықты хабардар ету болды, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының басшысы Айдын Байматов. – Қаланың орталық көшелерінде профилактикалық әңгіме жүргізу мақсатында тоқтатылған электр самокаттардың иелері, жалпы айтқанда, оларды пайдалануға жауапкершілікпен қарайды. Дегенмен, олардың көпшілігіне бұрыннан беймәлім заңды жақтары табылды, барлығы бірдей электр самокатпен жүрудің ережелерін толық біле бермейді».
Адамдар электр самокаттарды ойыншық, ермек ретінде қабылдайды. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» Заңында электр қозғалтқышымен жабдықталған және максималды конструктивті жылдамдығы сағатына елу километрден аспайтын көлік құралы мопедтерге тең делінген. Оларды тек 16 жастан бастап пайдалануға болады. Велосипедшілер сияқты, электр самокаттардың иелері де 50 см-ден артық шыққан жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға тыйым салынады. Рөлін бір қолмен ұстамай жүруге тыйым салынады. Жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолды кесіп өту үшін тоқтап, түсіп, жолдан жаяу өту керек. Жолдың жүретін бөлігінде электр самокаттардың иелері жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмесе, оң жақ жолақпен бір қатарда немесе жолдың жиегімен жүруге міндетті, жол қозғалысы ережелерін білу және қатаң сақтаулары қажет.
Рейд барысында полицейлер электр самакаттар сатылатын сауда орындарында болды.
Сатушыларға 16 жасқа толмаған балаларға көліктің бұл түрін сатып алуға болмайтынын естеріне салуды ұсынды.