Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жұбайыммен әкемнің жолын жалғадық»: Салтөреевтер отбасы қызметте

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Polisia.kz редакциясы құқық қорғау органдарында қызмет ететін отбасымен таныстырмақ. 

– Отбасы – әрбір адам үшін, ең жақын орта. Мен өз отбасымды құрметтеуді  әкешімнен үйрендім. Ол кісі қайда жүрсе де отбасын бірінші орынға қоятын. Әкемнің осы бір жақсы қасиеті маған көбірек дарыған секілді. Менде дәл солай әйеліммен қосақтасып, бірге ақылдасып шешім қабылдап, отбасымды бәрінен де маңызды санаймын. Екеуміз де – полиция қызметкеріміз. Менің әкем ішкі істер органдары саласында қызмет атқарған, бүгінгі таңда зейнетке шыққан полицей. Жұбайым екеуміз сол әкеміздің жолын жалғап, елімізге барынша адал қызметімізді арнап келеміз. Өздеріңіз білесіздер біздің салада уақыт тапшы. Алайда сүйген жарыңа үйленіп, шаңырақ көтергеннен соң жауапкершілікті сезініп, отбасын айрандай ұйытып отыру отағасына, соның соңғы болып қабылдайтын шешіміне байланысты деп ойлаймын, – дейді Жетісай аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының инспекторы А.Салтөреев.

Азамат Салтөреев 1991 жылы Жетісай қаласында полицей отбасында дүниеге келген. Мектепте орта білімін алып, ойдағыдай тәмамдағаннан соң Шымкент қаласында, онан соң Семей қаласында өзінің жоғарғы білімін шыңдай түсті. Заңгер мамандығын ойдағыдай игерген жас жігіт, қызметке орналасып, полицей боламын деген арманын іске асыруға ұмтылады. Осылайша Азамат Мақтаарал аудандық полиция бөліміне учаскелік полиция инспекторы болып алғашқы қызметіне орналасады.

Өз ісін меңгере бастаған уақытта басшылардың ықпалымен жоғарылап, Жетісай ауданындағы полиция бөліміне ювеналды полиция тобына жұмысқа ауысады. Осы сәтте небары бір жылдық қызметтік тәжірибесі бар жас полицей өзінің өмірлік жары болатын Динаны кездестіреді. Өзінің ұнатқан аруына жұмыспен қатар жүріп, көңіл бөліп, бір жылдан соң бақ құсын қолына қондырады.

Бүгінде ерлі-зайыпты полицейлер отбасында екі ұл мен бір қыз дүниеге келіп, атасының, әкесінің жолын жалғағысы келетіндей  деген батырлар өсіп келеді.

Азаматтың жары Дина Аубакирова 1992 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Шалақын ауданында өмірге келген. Әкесі секілді полицей болып, форма киюді армандаған қыз өсе келе жоғарғы оқу орындарын заңгер мамандығы бойынша жақсы көрсеткішпен аяқтап, қызметке орналасып, бүгінде жұбайы Азаматпен бірге ішкі істер саласында қызмет етіп келеді. Ерлермен иық тірестіре еңбек етіп, қызметіне жауапкершілікпен қарап, кәсібіне адалдық танытып жүрген ару полицей десек те артық бола қоймас.

– Қызметім өзіме ұнайды. Азамат секілді мен де өз мамандығымды сүйгендіктен қызметіме және осы маман иесі болғаныма еш өкінбеймін. Қиындық кез-келген жерде болады. Әр саланың өз қыр-сыры бар. Сондықтан әйел заты болсам да темірдей тәртіпке етім үйренген. Қайта әйел затымын деп көп еркелемеймін, айттым ба сол сөзімді міндетті түрде орындаймын. Уәдеге берікпін десем де болады. Ал отбасыма келер болсам. «Әйелдің қырық жаны бар»  деп бекер айтылмаған. Сондықтан барлығына үлгеруге тырысамын. Жұмыстан қолым босап қалт ете қалса болды, үйімнің тірлігін жоспарлаймын, балаларымды қадағалаймын. Ал жұмыс аяқталғанда міндетті түрде үйге қарай асығамын, тездетіп тамағымды әзірлеп, ерімнің көңілін табу үшін барымды саламын, – дейді Дина.

Тәуелсіздікпен түйдей құрдас Азамат өз іскерлігінің арқасында басшылардың көзіне түсіп, жоғарғы орындарға ие болған.

Біз де осындай ерекше талантты тәртіп сақшысы, өнегелі қызметкер, ардақты ата-анаға толағай табыс пен ел алдында абыройларың асқақтай берсін дегіміз келеді!
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру