Бір кештің ішінде жол жүрісі ережелерінің 18 бұзушылығы анықталды
Петропавлда полицейлер бір кештің ішінде жол жүрісі ережелерінің 18 бұзушылығын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО-ның полицейлері бір күнде байкерлермен кездесу өткізді және екі доңғалақты көліктің жүргізушілері тарапынан болатын бұзушылықтарды анықтау мақсатында рейд жүргізді. Кездесуге құқық қорғау органдарының қызметкерлері бастамашылық жасады. Мотоциклистердің тыныштық режимі мен жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері көтерілді. «Северный ветер» мотоклубының және басқа да қауымдастықтардың 20-дан астам мүшесі СҚО ПД ЖПҚ басқармасы басшылығы және жеке құрамымен кездесуге келді. Өткен жылдан бастап олар мен полицейлер арасында келісім жасалды, соған сәйкес шапшаң жүруді жақсы көретіндер өздерінің бас қосуларын Петропавлдың индустриалды аймағындағы жол желісінің сирек қолданылатын учаскесінде кездеседі. Автопатрульдердің қатысуымен қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Мотоклубтардың мүшелері мұндай шаралармен келісетіндіктерін және полицейлердің осылайша жасаған көмектеріне риза екендіктерін білдірді.
-Біз ересек адамдармыз, өзімізді сенімді етіп көрсеткіміз келгенде емес, мотоцикл – біздің ермегіміз, – дейді олар.
ЖПҚБ басшысы Айдын Байматов тағы да байкерлерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
-Байкер клубтары әуесқойлар арасында белгілі бір беделге ие және өздері үлгі көрсете отыра, жастардың бойына жүргізу мәдениетін сіңірулері керек, – деді ол. – Әдетте облыс орталығының көшелерінде мотоцикл клубтары мен ұйымдардың мүшесі болып табылмайтын жастар кездеседі. Көбіне олар сән қуып, өздері жүргізе алмайтын мотоцикл алып жатады.
Бұны кездесуден кейін полицейлермен өткізілген рейд растады. Бір кештің ішінде қала көшелерінде аталған санаттағы көлікті басқаруға құқықтары жоқ үш мотоцикл жүргізушісі тоқтатылды. Тағы екеуінің темір тұлпалары тіркелмеген болып шықты. Сонымен қатар, автокөлік жүргізушілері де қайта жабдықтау бұзушылығымен тоқтатылды. Заңсыз қайта жабдықтағаны үшін – алты жүргізуші, олардың екеуі бір жыл ішінде екі рет жауапқа тартылған.
Мәселен, Абай-Алтынсарин көшелерінің қиылысында былтыр өзінің «Subaru» көлігінде зулағаны үшін айыппұл төлеген, 30 жастағы петропавлдық тоқтатылды. Ол сол кезде бұзушылықты болдырмау туралы міндеттеме жазған болатын, бірақ ол жазған міндеттемесін ұмытқан сияқты. Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 10-бөлігі (көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша хаттама толтырылды, уәдесінде тұрмау 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге әкеп соғады.
Жалпы, рейд барысында жол жүрісі ережелерінің 18 бұзушылығы анықталды.